Шетелдік өнімдерді "Қазақстанда жасалған" деп сатып жатыр – Әшімбаев
325
Елімізде сыбайлас жемқорлықтың 80% мемлекеттік сатып алулармен байланысты. Соның кесірінен де қазақстандық өндірушілер қолдаудан құр қалып отыр,-деп хабарлайды politico.kz
Мәселені шешудің бір жолы бар. Мониторинг жүргізетін жүйе құрылуы тиіс. Мәулен Әшімбаев жаңа заңның осыған ықпалы болатынына сенім білдірді.
«Біз кәсіпкерлермен кездесулерде осы мәселеге баса назар аударып келеміз. Олар кейбір жеткізушілер өнімді басқа елдерден әкеліп, оған «Қазақстанда жасалған» логотипін жапсырып қоятынын айтады. Осылайша, олар тендерлерге қатысып, демпинг пен төмен баға есебінен ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Егер осы заңды депутаттар қолдаса және оған Мемлекет басшысы қол қойса, мониторинг жүргізетін жүйенің құрылуына ықпал етеді деп үміттенеміз. Сондай-ақ өз өнімдерін өндіретін, жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, салық төлейтін нақты қазақстандық өндірушілерді қолдауға жол ашылады деп сенеміз», - деді сенат спикері.
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
17:23
"Сағатына 90 шақырым жылдамдық": Алматыда самок...
18.09.2026
16:51
«Қазақмыс» Жомарт кенішіндегі негізгі қауіпсізд...
18.09.2026
16:27
ҰҚК «Охотзоопромның» Батыс өңірлік филиалы басш...
18.09.2026
15:54
«Оқу бітіргенше көмектес»: Байқоңырда студент қ...
18.09.2026
15:48
Нұрбол Жүсіпов: жаңа кен орындары жаңа өнеркәсі...
18.09.2026
15:36
Санжар Боқаевты аяқасты Астанаға алып кетті: ад...