Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын көрсетті

Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын көрсетті
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Мөлдір Мұқанова мойнына таққан бағалы алқасының құнын жариялап, оны 11 млн теңгеге сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, гауһар тастармен көмкерілген бұл әшекей оның өзіне жасаған алғашқы қымбат сыйлығы саналады. Бағалы бұйымды жақында ғана алған продюсер оны екінші рет тағып шыққанын жеткізді.

«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын», – деді Мөлдір Мұқанова.

Сонымен қатар продюсер банк алдындағы міндеттемелері туралы да ашық айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта басында 8 млн теңге несиесі бар.

«Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деп күлді ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бір тобы продюсерге жылы лебізін білдіріп, әрдайым жарқырап жүруін тілесе, енді бірі оның бұл әрекетін әзілге айналдырып пікір қалдырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу