ШҚО-дағы шахтадағы апат: Марқұмдардың аты-жөндері белгілі болды
594
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Politico.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады. Оның құрамына ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.
Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.Айта кетсек, қайғылы жағдай 31 тамызда сағат 16:25-те болды. "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмыскердің денесі табылды. Министрлік қаза тапқандар тізімін жариялады. "Востокцветмет" ЖШС екі қызметкері: ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1994 жылы туған; ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 жылы туған. "Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері: ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 жылы туған; ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 жылы туған. "Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды. Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады. Фото: ашық дереккөз
Соңғы жаңалықтар
29.01.2026
19:15
Димаш алғаш рет халықтан қолдау сұрады
29.01.2026
17:54
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина...
29.01.2026
16:45
«Қызметкерлердің қабағы қатулы, сөздері салқын»...
29.01.2026
16:30
"Элиталы мектепте оқыған": танымал кәсіпкердің ...
29.01.2026
15:31
OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Ділімбетов...
29.01.2026
15:10
«Мүлде жараспайды»: Ақбота-Нұрдың жаңа клипі же...