Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Сурет: google

Шығыста жер сілкінді

Бүгін сағат 15:37 шамасында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Алдын ала мәлімет бойынша, зілзаланың магнитудасы 5,1 болған. Бұл туралы Android Earthquake Alerts System жүйесі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Өскемен қаласынан шамамен 84 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу