Шымкентке 1 млрд 750 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ
560
Бұл мың жаңа жұмыс орнын ашады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "Fujian Hengwang Investment Co., Ltd" компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды
Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Өткен аптада мегаполис басшысы инвесторларды зауыт салу жоспарланып отырған "Темір" индустриялық аймағымен таныстырды.
Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард 750 миллион АҚШ долларын инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады.
Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.
Қала әкімі компания басшылығына мегаполиске қызығушылық танытып, өнеркәсіп саласын дамытуға тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді.
Ол жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде шетелдік инвесторлар бүгінде Шымкентте инвестиция тартуға барлық жағдай жасалғанына тоқталды.
Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, қалада қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылып жатыр. Құны шамамен 700 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ірі түрік компаниясы Alarko Holding жаңа форматтағы жылыжай кешенін салып жатыр. 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба жалпы көлемі 500 гектар аумақта екі мың жаңа жұмыс орнын кезең-кезеңмен құруға, азық-түлік қауіпсіздігін және жаңа өндірістерді енгізу арқылы жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...