"Шындықты білуге тиіспіз": Дина Төлепберген Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген кеше Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Журналист қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дина Төлепберген күллі әлемді дүрсілкіндірген ұшақ апатына қатысты пікірін Instagram-дағы парақшасында жариялады. БАҚ өкілі бұл жағдай өзіне қатты әсер еткенін жасырмады. Тележүргізуші қара жамылған отбасыларға қайғыра көңіл айтып, көпшілікті өмірді барынша бағалауға шақырды.
"Бұл апат қайғы ғана емес, жауапкершілік сұрағы. Біз шындықты білуге тиіспіз. Бұл жауапкершілік биліктің, авиация саласының және қоғамның мойнында. Қара жамылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Жақындарыңызды қатты құшақтап, қалай жақсы көретініңізді айтуды кейінге қалдырмаңыздаршы. Өмір – қамшының сабындай қысқа екен. Бір-бірімізді бағалайық", - деп жазды Дина Төлепберген.