Смартфонның ұйқыны қалай ұрлайтыны белгілі болды

Ұялы телефонды төсекке жатып пайдалану ұйқы сапасына айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл туралы Норвегия ғалымдары жүргізген ірі зерттеу нәтижелері мәлім етті, – деп хабарлайды POLITICO.KZ Frontiers in Psychiatry журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасап
45 202 жасөспірім мен жастар қатысқан зерттеу смартфонды ұйықтар алдында қолдану ұйқысыздық қаупін 59%-ға арттырып, ұйқы ұзақтығын орта есеппен 24 минутқа қысқартатынын көрсетті.
Ғалымдар бастапқыда әлеуметтік желілер ең зиянды фактор болады деп болжаған. Алайда зерттеу нәтижелері бойынша, экран алдындағы белсенділіктің түрі емес, ұзақтығы шешуші рөл атқарады. Яғни, фильм көру, интернет шолу, ойын ойнау немесе экраннан кітап оқу – бәрі бірдей теріс әсер етеді.
Зерттеу жетекшісі Гуннхильд Йонсен Хьетландтың айтуынша, басты мәселе – ұйқы алдында экранға ұзақ уақыт үңілу. Смартфондардың зияны бірнеше фактормен байланысты:
-
Демалуға бөлінетін уақытты қысқартады
-
Мазмұнды белсенді тұтыну ұйықтауды кешіктіреді
-
Түнде келетін хабарламалар ұйқыны бөліп жібереді
-
Көк жарық циркадтық ырғақты бұзады, бұл табиғи ұйқы процесіне кедергі келтіреді
🔔 Ғалымдардың кеңесі:
Ұйықтардан 30-60 минут бұрын экраннан бас тарту және түнде смартфондағы хабарландыруларды өшіру – ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі.
Соңғы жаңалықтар





