Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылған

12.09.2024
17:21
0
230
Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылған.
Прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді. Жалған құжаттарды пайдалана отырып азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталды.
Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған, тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген.
Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды. Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үй қамаққа алынды. ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен.
Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген. Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған.
Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын айырылды. Жалпы прокурорлар 20 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылданып жатыр.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

26.08.2025
17:27
Челах мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкін бе?

26.08.2025
17:03
Қазақстан бейбіт дипломатияның жаңа үлгісін ұсы...

26.08.2025
16:28
Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам бо...

26.08.2025
15:47
Ақмола облысында халық ақшасына орнатылған су қ...

26.08.2025
15:08
Бектенов жылыту маусымына дайындығы жоқ бірқата...

26.08.2025
14:23
Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адам турал...