«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ескерту жасады

29.07.2026 23:22 Қарақат АСЫЛОВА
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ескерту жасады
399
Фото-коллаж: Politico.kz

Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі Қазақстан Халық партиясының атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Аша Матайдың өзіне қатысты айтқан мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Аша Матайдың пікірін түсінбегенін айтып, өзінің сөздері бұрмаланды деп есептейтінін жеткізді.

«Аша Матайдың сөздерін маған түсінікті тілге аударып беретін маман бар ма? Мен не дедім, домбырам не дедіңнің сиқы болып, түсінбей отырмын. Тәрбиесі, көкірегі деген сөздердің бұл жерде қандай қатысы бар?Меніңше, Аша Матай менің айтқанымды дұрыс түсінбеген. Сондықтан бұл мәселеге толық жауап беремін. Тіпті мені айтқан сөзімді бұрмалады деп, оны сотқа беруім де мүмкін», – деді заңгер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аша Матай Мейірман Шекеевтің ашық пікірталасқа шығу туралы ұсынысына жауап беріп, қазақ қызына ер адаммен сөз таластыру жараспайтынын айтып, дебатқа қатысудан бас тартқан болатын.

Осылайша, екі тарап арасындағы пікір қайшылығы жаңа деңгейге көтеріліп, заңдық сипат алуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий