СҚО-да ата-анасы үйге қамап кеткен 5 жасар қыз тірідей өртеніп кетті

19.01.2026 14:34 Арман Ермеков Арман Ермеков
СҚО-да ата-анасы үйге қамап кеткен 5 жасар қыз тірідей өртеніп кетті
0
377

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында болған өрттен үйде жалғыз қалған бес жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz

Қайғылы жағдай 18 қаңтар күні кешкісін орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйдегі ересектер пешке от жағып, есікті құлыптап, қонаққа кеткен. Үйде қараусыз қалған кішкентай қыз жалын құрсауында қалып қойған.

Куәгерлердің айтуынша, екі пәтерлі үй былтыр қайтыс болған жергілікті тұрғынға тиесілі болған. Оның өлімінен кейін үйде бұрын зейнеткерге күтім жасаған 33 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам және әйелдің 2020 жылы туған қызы қалып қойған. Бұл отбасы «тұрмысы төмен» ретінде арнайы есепте тұрған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үй толығымен жанып, төбесі ортасына құлап түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 35 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар үйінді астынан бүлдіршіннің күйген денесін тапты.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қызылжар ауданында екі ірі өрт тіркелді. Екінші оқиға салдарынан 1973 жылы туған ер адам көз жұмды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий