Су тасқыны: 38 мыңнан астам тұрғын үйіне қайта оралды
254
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 38 254 адам өз үйлеріне оралды, 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп баяндады.
Оның айтуынша, Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылып жатыр. Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына су тасқынына қарсы іс-шаралар, салдарды жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасын тауып жатыр.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309 адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылған. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерінде жедел желі телефондары қызмет көрсетіп жатыр. Жедел желі телефондарына 2 250 қоңырау түсті. Эвакуациалық пункттерде Төтенше жағдайлар департаменттерінің, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары мен медициналық қызметкерлері азаматтармен жұмыс жүргізуді тоқтатқан жоқ.«Су тасқыны бастағалы бері 12,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық, 1 510 тонна инертті материал төселді. Құлсапры қаласында су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды», - деді А.Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде.
Соңғы жаңалықтар
12.05.2026
17:41
Жетісу облысында полицейді шапалақпен тартып жі...
12.05.2026
17:29
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір М...
12.05.2026
16:24
"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген м...
12.05.2026
16:05
Талғарда тағы да трагедия: әкесінің басына дұға...
12.05.2026
15:29
«13 млн теңге айыппұл»: Елімізде қандай бақбақт...
12.05.2026
15:08
Әнші Luina екінші рет ана атанады