Су тасқыны: Қазақстанға гуманитарлық көмек керек пе
575
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров еліміздің өңірлеріндегі су тасқынынан кейін көрші мемлекеттен келген гуманитарлық көмекке қатысты түсінік берді.
Сонымен қатар ол көптеген бауырлас әрі достас елдерден телеграмма келіп жатқанын айтты.«Қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты бауырлас Қырғыз мемлекеті өз бастамасымен көмек жасады. Осыдан 2 күн бұрын Қырғыз Республикасының Төтенше жағдай министрлігі 15 жүк көлігі мен 1 жол талғамайтын көлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтті. Онда 300 тонна жүк бар. Жүктің құрамында су, күріш, қарақұмық жармасы, кәмпит, шай, қант және тағы басқа азық-түлік жіберілді. Сондай-ақ жылытқыштар, керуенттер, шатырлар және тағы басқа да керек заттар тиелген», - деді А.Смадияров ведомстводағы апталық баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда тілшілер «әзірге, елімізге сырттан көмек керек емес пе?» деп сұрады.«Олар өз қолдауын айтып, ниет білдіріп жатыр. Атап айтқанда, елімізде жедел штаб құрылды. Премьер-Министрдің барлық орынбасары тиісті өңірлерде жүр. Олар өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Материалдық резервтің әлеуетін қолданып жатырмыз. «Қазақстан халқына» қоры мен халық та көмектесіп жатыр. Үкімет осы бағытта толыққанды жұмысты атқарып отыр», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына 300 тонна гуманитарлық жүк жіберді.«Қазір өзіміз бәріне үлгеріп жатырмыз және тиісті көмек жасалып отыр. Бұл ретте, нақты регламент жоқ. Егер бір ел көмектесемін деп шешсе, онда жүкті бағыттай береді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, мемлекет өзі көмек сұраса, онда басқа елдер гуманитарлық көмекті жібереді», - деп нақтылады Айбек Смадияров.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
21:47
Роза Рымбаева: Қазір екі ұлыммен көрші тұрып жа...
22.09.2026
21:25
35 жастағы медбике автобусқа тұрмысқа шықты
22.09.2026
21:17
«Жасыл дәліз» көмектеспеді: Астана әуежайында з...
22.09.2026
21:12
Балымбетов: Жәрдемақы алу үшін өтірік ажырасаты...
22.09.2026
20:49
Феншуй маман: Аман Тасығанға менен сұқбат алған...
22.09.2026
20:23
Астана маңындағы жол апатында екі аяғынан айыры...