"Суды тасып ішемін": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі қазіргі жағдайын айтты
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол кейбір желі қолданушыларының «дайын өмірге келдің», «бәрі оңай бұйырды» деген пікірлерімен келіспейтінін ашық айтты.
Айманның сөзінше, қазіргі тұрмысы сырт көзге жеңіл көрінгенімен, күнделікті тіршіліктің бар ауыртпалығын өзі арқалап жүр. «Ыдысты да қолмен жуамын десем, сенесіздер ме? Бірақ солай. Суды да тасып ішіп жүрміз. Есесіне рухани баймын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ас үй мен үй тіршілігіне қатысты ойын да жасырмады.
«Негізі неше түрлі ас пісіре аламын, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы», – дейді Айман.
Ол өзін «дайынға келген» деп сынағандарға нақты жауап беріп, әйелдің үйдегі рөліне ерекше тоқталды.
«Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің” демеңдер, айналайындар. Үйдің әр бұрышының әдемілігі, иісі мен берекесі – әйелге байланысты», – деп жазды ол.
Жазбасының соңында Айман Талғатқызы қазіргі жағдайына шағымданбайтынын, керісінше шүкіршілік ететінін жеткізді.
«Жоқ деп жылап, қайғырып жатқаным жоқ. Адал еңбекпен келген әр бұрышта, әр затта береке бар. Осы барыммен күнде тамақ жасап, бірге бөлісіп отырайық, қалай?» – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар