"Суицид пе, әлде…": Осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болған театр актерлерінің өлімі неге жұмбаққа толы?

Осыдан 10 жыл бұрын Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпова жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді.
Бұл іске байланысты қылмыстық іс ашылғанымен, кейін алып-қашпа әңгімелер тарады. Caravan.kz медиа порталының тілшісі осы жағдайда еске алып көрді.
Олардың үйленуі мен ажырасуы
Интернет беттерінде Гауһар Шәріпова туралы көп ақпарат жоқ. Ол театрға бүкіл өмірін берген, халық әртісі Фарида Шәріпованың сіңлісі. Ғабит Мүсірепов атындағы театрда көптеген қойылымдарда ойнаған. Ал Мұхитдин Шынтаев Дарын жастар сыйлығының лауреаты. Ол да Ғабит Мүсірепов атындағы театр актері, көптеген қойылымдарда ойнаған. «Менің күнәлі періштем», «Жедел жәрдем» сынды туындыларда бой көрсеткен. Дарын жастар сыйлығының лауреаты. Олар осы театрда танысып, шаңырақ көтерген. Екі қыздың ата-анасы. Мұхитдин мен Гаухар бұл трагедияға дейін ажырасып кеткен. Бұл туралы полицияға белгілі, бұл жайлы БАҚ беттерінде де бар. Бұл жағдайға дейін бірнеше ай бұрын ажырасып, бөлек өмір сүрген.
Гауһар Шәріпова полицияға жүгінген
Zakon.kz сайтының ақпараты бойынша марқұм Гаухар Шәріпова бұрын құқық қорғау органдарына жүгінген. Бұрынғы күйеуі қорқытуда деп шағымданған деседі.
Трагедия болған күн
2015 жылдың 24 мамыры күні кешкісін Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың грим бөлмесінде Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованың өлі денелері табылды. Оқиға барысында Шынтаевтың денесінің астынан қан жұққан асүй пышағы табылған. Аталмыш пышақ қылмыс кезінде пайдаланылған қару болуы мүмкін.
«Балаларымды тастамаймын деп»…
Youtube-тағы Мұхитдин Шынтаевты еске алу видеода Мария Шынтаева есімді оқырман мынадай пікір қалдырған:
«Анамыздың іші шер мен күйікке толды. Қайтейін… біреулер балаларын тастап əйел алып жатса сен балаларымды тастамаймын деп зар илеп жүріп жұмбақ боп кеттің-ау жаным. Сүйенішім-ай, жатқан жерің жайлы,иманың жолдас болсын. Ешкім мәңгі жасамайды. Алланың берген уақыты біткенде бізде барамыз», — деп пікір қалдырды.
Сондай-ақ ол белгісіз адамдарды осы өлемге кінәлады.
«Алтыным иманды бол.Сенің отбасыңа араласып осындай бакытсыздыққа әкелген адамдардың жазасын бір Аллаға тапсырдым».
Бір уақыта қайтыс болған Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпова екі бөлек жерде жерленген.
Соңғы жаңалықтар





