«Сырттан бақылап мәз болатындай көрінеді»: Тамара Асар кей сайттардың әрекетіне наразылық білдірді

29.01.2026 12:51 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Сырттан бақылап мәз болатындай көрінеді»: Тамара Асар кей сайттардың әрекетіне наразылық білдірді
43
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тамара Асар

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бірқатар журналистер мен ақпараттық сайттардың жұмыс тәсіліне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесінің айтуынша, ол бұрын оқырмандарымен ашық сырласуды жақсы көрген. Алайда соңғы уақытта кей сайттардың жазбаларын бұрмалап жариялауынан кейін, әлеуметтік желідегі белсенділігін азайтуға мәжбүр болған.

«Негізі мен жазғанды жақсы көретін адаммын. Бұрын ішкі ойымды оқырмандарыма бүкпей жеткізіп, жиі жазатынмын. Қазір сиреттім. Сайттардың “пайдасы” осы болды. Себебі соңғы кездері кейбір платформалар кез келген парақшадан ақпаратты жұлып алып, оны бұрмалап, айтылған сөз бен салынған суреттің астаң-кестеңін шығарып, соны дабыра тақырыпқа айналдырып жібереді. Ал бейкүнә оқырман мән-жайына жетпей, дайын ақпаратты қабылдап, артынан пікірталас басталып кетеді», – деп жазды әнші.

Тамара Асар мұндай материалдар оқырман мен өнер адамдарының арасына сызат түсіріп, қоғамды екіге бөлетінін де атап өтті.

«Осылайша адамдар пікірлестер мен қарсыластарға бөлініп, комментарийлерде бір-бірімен айтысады. Ал сайт иелері мен журналистер сырттан қарап, қаралым мен пікір саны артқанына мәз болатын сияқты. Мұның маған қандай әсер еткенін алдағы жазбамда тарқатып жазамын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий