Тағы бір мемлекет Иранға соққы жасады ма?

09.03.2026 09:08 Мөлдір Талғат
Тағы бір мемлекет Иранға соққы жасады ма?
1230
Фото: ашық дереккөз

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Иран аумағына алғаш рет соққы жасаған болуы мүмкін. Израильдің Ynet порталының мәліметінше, шабуыл Ирандағы су тұщыту зауытына бағытталған, деп хабарлайды Politico.kz.

Израиль билігінің пайымдауынша, бұл әрекет БАӘ-нің қақтығысқа толық араласқанын білдірмейді. Сарапшылардың айтуынша, соққы шектеулі сипатта болған және Тегеранға энергетикалық инфрақұрылымға жасалатын шабуылдарды тоқтатуды талап ететін ескерту ретінде қарастырылып отыр.

Бұған дейін БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түскеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйлеген еді. Ол өз мәлімдемесінде елдің қазіргі уақытта соғыс жағдайында өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Шейх сондай-ақ елдің Қарулы күштеріне «осы соғыс кезеңіндегі» қызметі үшін алғыс білдіріп, күштік құрылымдардың мемлекетке адал қызмет атқарып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол БАӘ-де тұратын шетелдік резиденттердің қоғамдағы рөлін жоғары бағалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий