Талдықорғанда жастар жаппай төбелесті: Полиция тергеу бастады

Талдықорғанда жастар жаппай төбелесті: Полиция тергеу бастады
Видеодан кадр

Талдықорғанда бір топ жастың төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тараған кадрларда көшеде бірнеше жастың жаппай төбелесіп жатқан сәті көрсетілген.

Құқық қорғау органдары жанжалға қатысқандардың барлығы анықталғанын мәлімдеді. Қазір полиция оқиғаның қалай болғанын, жанжалға не себеп болғанын және оған қатысушылардың әрекеттерін анықтап жатыр.

Осыған байланысты жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиға бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу