Талғар изоляторынан қашқан күдіктіге қатысты тың дерек айтылды
Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев қосымша үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
КТК ақпаратынша, қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан табылды. Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.
Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
12:35
Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарғ...
07.11.2026
11:36
«Бір жыл өтті, жауап жоқ»: Астанада анасы отада...
07.11.2026
10:16
“Баламның өліміне кім кінәлі?”: Алматыда 14 жас...
07.11.2026
09:18
«26 рет пышақ сұққан»: Қарағанды облысында әйел...
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...