Талғардағы қайғылы оқиға: Екі полицей салғырттық танытқаны үшін сотталуда

09.02.2026 10:24 Арман Ермеков
Талғардағы қайғылы оқиға: Екі полицей салғырттық танытқаны үшін сотталуда
320
Сурет Gemini арқылы жасалған

Алматы облысында қызметіне салғырт қараған тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы «7 арнаға» сілтеме жасап.

Талғар ауданының екі тергеушісі қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және әрекетсіздік таныту бабы бойынша айыпталуда. Прокурорлардың болжамынша дәл осы полицейлердің өз ісіне немқұрайлы қарауы ауыр қылмысқа – ер адамның өліміне, екі жасар қыздың ұрлануына және әйел адамның зорлануына әкеп соққан.

Оқиға былтырғы 6 қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болған. Көлік жөндеу орталығында жұмыс істеген ер адам әйелді зорлап, бір ай бойы бопсалап келген. Кейін қылмыскер әйелдің ағасын өлтіріп, оның екі жасар қызын ұрлап әкеткен. Полиция қуғыны кезінде қылмыскер баламен бірге көлігімен жардан секіріп кеткен. Абырой болғанда бүлдіршін тірі қалып, оған ота жасалды.

Тергеу барысында анықталғандай қыздың анасы осы оқиғадан бір ай бұрын полицияға зорлық көргені туралы арыз жазған. Алайда тәртіп сақшылары тиісті шара қолданбай, күдіктіні қамаудан босатып жіберген. Осыған байланысты прокуратура Талғар аудандық полициясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта сот жабық режимде өтіп жатыр. Негізгі бопсалаған қылмыскерге 12 бап бойынша айып тағылған. Сондай-ақ екі жасөспірім адам өлтіруге және адам ұрлауға қатысты деген күдікпен жауапқа тартылуда.

Бұл іс бойынша сот бұған дейін де басталған еді. Айыпталушы полицей қызметіне салғырт қарап қана қоймай, қызметтік жалғандық жасаған деген күдікке ілінген. Инспектор оқиғадан екі ай өткен соң, 4 қарашада ішкі істер органдарынан қуылғаны белгілі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий