Талғат Байсуфинов отставкаға кетті

22.06.2026 16:59 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Талғат Байсуфинов отставкаға кетті
198
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің футбол федерациясының (ҚФФ) ресми мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

"Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарады", — делінген мәлімдемеде.

Команда тізгінін 9 айдай ұстаған маман қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже көрсеткен.

"Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты", — деді ҚФФ.

Қазіргі уақытта команданың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

"ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді. Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады", — деп мәлімдеді федерация.

Естеріңізге сала кетейік, Байсуфинов бас бапкерлікке 2025 жылдың қыркүйегінде, бұрынғы бапкер Әли Әлиев құраманың Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін отставкаға кеткен тұста тағайындалған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий