Танымал актер 58 жасында өмірден өтті
58 жасында танымал актер Владимир Довжик өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы хабарды ол 1998 жылдан бері қызмет еткен «Человек» театры хабарлады.
Театрдың мәліметінше, Владимир Довжик ұжымға 1998 жылы қосылып, актер әрі режиссер ретінде бірнеше спектакльге атсалысқан. Атап айтқанда, «Приключения бегемотика Бантика», «Про Машу» қойылымдарын сахналап, «Искусство» спектаклінде басты рөлдердің бірін сомдаған.
Әріптестері оны жан-жақты, терең ойлы актер әрі өнерге зор үлес қосқан талантты режиссер ретінде еске алды. БАҚ деректеріне сәйкес, актердің өліміне инсульт себеп болған.
Актер туралы не белгілі
Владимир Довжик 1968 жылғы 28 мамырда Мәскеуде дүниеге келген. 1993 жылы Щукин атындағы театр училищесін (Альберт Буровтың курсы) тәмамдаған. Сол жылы Фёдор Петрухиннің «На Муромской дорожке» фильмінде эпизодтық рөлмен киноға дебют жасаған.
Өнер жолында жүзден астам рөл орындаған. Көрермендерге ол «Склифосовский» сериалындағы нейрохирург Юрий Шейнман, «Бригададағы» заңгер, Людмила Гурченко туралы фильмдегі режиссер Ян Фрид, сондай-ақ «Интерны» сериалындағы клиника иесі Ефим Ширман бейнелері арқылы кеңінен танылды.
Сонымен қатар «Живой Пушкин», «Мосгаз. Дело №11: Розыгрыш», «Мамочки» жобаларында және Станислав Говорухиннің «Конец прекрасной эпохи» фильмінде ойнаған.
Соңғы жаңалықтар