Қазақстандық танымал актер өмірден өтті

28.01.2026 18:00 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қазақстандық танымал актер өмірден өтті
1241
Фото:instagram.com/lermontov.theatre

75 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Анатолий Креженчуков дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы хабарды оның ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры мәлімдеді.

Театр ұжымы актердің ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күрескенін айтып, оны ұжымның рухын қалыптастырған, талапшыл әрі принципшіл тұлға ретінде еске алды. Әріптестері мен көрермендер әлеуметтік желілерде көңіл айтып, марқұмның өнеріне алғыс білдіруде.

Анатолий Креженчуков 1950 жылы 4 наурызда Алматыда туған. 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітіріп, сол жылы Лермонтов театрының труппасына қабылданды. Осы театр сахнасында 100-ден астам рөл сомдады. Олардың қатарында «Ревизордағы» Городничий, «Вишнёвый садтағы» Пыщик, «Варварлардағы» доктор Макаров бар.

Кино және телевизия саласында да еңбек еткен актер көпшілікке «Перекрёсток» телесериалындағы дәрігер Платонов рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұл образ оны театрдан тыс көрерменге де жақындатты.

Сондай-ақ ол «Возвращение сына», «Граница», «Ликвидатор», «Махамбет» сынды фильмдерге түскен.

Анатолий Креженчуков қазақ өнері тарихында өзіндік орны бар, көрермен құрметіне бөленген актер ретінде есте қалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий