Танымал ақын Ақберен Елгезектің көптен күткен перзенті дүниеге келді

18.12.2025 15:44 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Танымал ақын Ақберен Елгезектің көптен күткен перзенті дүниеге келді
0
154
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ақберен Елгезек

Қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, ақын, қаламгер Ақберен Елгезек пен әйелі – тәуелсіз журналист Дина Елгезек нәрестелі болды. Қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сүйінші жаңалықты ақынның өзі Instagram желісінде жариялады. 

Сәбиге Айшасұлу деген ерекше есім беріліпті.

«Екі күннен бері толассыз жауған құттықтауларыңыздың, кішкентай қызымыз – Айшасұлуға шын жүректен тілеген бата-тілектеріңіздің астында қалдық. «Елдің ниеті кетіп қалған екен!», «қазір қазақ бір-біріне жаны ашымайтын болыпты», «қазақ түрі ақ екен, іші көк екен» деген сөздің барлығы – былжырақ! Қазақ әлі күнге дейін біреудің қуанышына алғаусыз қуана алатын, жүрегін ашып, елжірей жүгіретін періште халық екен! Аллаға сансыз шүкір! Мен сіздерге сондай разы болдым! Бәрін еселеп берген, есебімді түгел қылған жан Аллам-ай! Ең бастысы, Алланың Дина екеуміздің қанша жыл айтқан дұғамызды қабыл алып, жүрегіміздің ішіне көктем үрлеп жібергенін айтсайшы! Осы бақытыма Аллам Өзі қорған болсын, Өзі тіл-көзден сақтағай!», - деп жазды Ақберен Елгезек.

Желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий