Танымал әзілкеш Ұлықпан Жолдасовты ашуландырды

Танымал әзілкеш Ұлықпан Жолдасовты ашуландырды
21.10.2025 22:08
0
134

Танымал пародист Олжас Сыдықбек «Хабар» телеарнасындағы «КЕШREC» бағдарламасында әнші Ұлықпан Жолдасовты қатты ренжітіп алғанын еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, қалжың кезінде Ұлықпан Жолдасов екі күн бойы уайымға түскен.

«Ұлықпан ағамыздың қатты жынданған сәті болды. Әзілдеп жүріп, ол кісіні екі күн бойы уайымға салғанбыз. Ұлықпан ағаны алдайық деп, Мейрамбек телефон шалсын дегенбіз. Маған басқа адамның атынан қоңырау шалып, “салықтан жалтарғаныңыз туралы ескерту келіп жатыр” деп айт деді. Сонда Ұлықпан аға: “Димашты күтіп алуға Астанаға кетіп бара жатырмын, келген соң міндетті түрде барамын”, – деді. Ол кісі шын мәнінде сотқа шақырылдым ба деп уайымдап жүрген екен. Үйдегілеріне де айтып, екі күн мазасыз болған. Кейін Мейрамбек пен басқалар жағдайды түсіндіргенде, Ұлықпан аға дереу қоңырау шалып, “мұның не, мен екі күн ұйықтаған жоқпын!” деп ашуланды», – деді Сыдықбек.

Алайда желі қолданушылары пародистің бұл қалжыңын ұнатпай қалды.

Кейбірі: «Ұлықпаннан басқа адам таппадыңдар ма?!», «Біреуді уайымдатқанша, өнеріңді орынды пайдаланбайсың ба?» деген пікірлер қалдырған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий