Танымал блогер артық салмақ тастау үшін жобаға қатысатын болды 

Танымал блогер артық салмақ тастау үшін жобаға қатысатын болды 
23.01.2025 16:31
0
144
Instagram / zheka_fatbelly Т

Әлеуметтік желіде Жека Fatbelly лақап атымен танылған қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров Айтым Жақыповтың JanaMen жобасына қатысатын болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогер артық салмақтан арылу үшін бұл жобаға қатысуға бел буғанын Instagram парақшасында жария еткен. Ол Айтымның жобасында көзіне жас алып, жаттығуларға бар денін салып жатқан сәтінен видеоны бөлісті. 

"Жақында...@zheka_fatbelly JanaMen-ге айналады", - деп жазған блогер видео астына. 

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жасырмады. Олар блогерге оң бастамасында сәттілік тілеп, діттеген мақсатына қол жеткізетініне мол сенім білдірді.

"Бауырым мені де ала кетші", "Айтым мені де алып кетсе ғой", "Екінші Юса болады", "Тамаша, неге Айтымға бармай жүр деп ойлап жүрген ем", "Алла қолдасын, балам, сәттілік, мақсатыңа Алла жеңілінен жеткізсін", "Жека, қолыңнан келеді, саған сенеміз", "Алған бетіңнен қайтпа", - деп жазған пікір қалдырушылар. 

Айта кетсек, Айтым Жақыпов – Street Workout бойынша Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал қазақстандық блогер, кәсіби жаттықтырушы. Оның JanaMen жобасы 2021 жылдан бастап іске қосылған және артық салмақтан арыла алмай жүрген адамдарға көмектесуді мақсат етеді. Бұл жоба бүгінгі күнде әлем бойынша көптің назарында жүр. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или