Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті

Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
Фото: instagram.com/sapargali_mukashevich_

Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі, композитор әрі музыкант Сапарғали Әшім дүниеден өтті. Қаралы хабарды блогердің жары Диана Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Сапарғали атамыз енді арамызда жоқ. Жанымызға қатты батып тұр. Сенгім келмейді. Өмірінің соңғы күндерінде де әзілдеп, үнемі көңілді жүретін. Өте адал, сыйлы адам еді. Бәрі оны жақсы көретін, құрметтейтін. Мені туған қызындай қабылдап, әрдайым қолдап, қорғап жүрді», – деп жазды Диана Әлиева.

Сапарғали Әшім өмірін музыка мен мәдениет саласына арнаған. Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдап, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі болған. Бірқатар музыкалық шығарма жазып, Целиноград облыстық филармониясында өнер көрсеткен.

Осы айдың басында оның ауруханада жатқан кезіндегі жазбасы жарияланған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу