"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына тоқалымен келген Қабатов сынға қалды

Фото: видеодан скриншот

Актер әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әнші Мейрамбек Бесбаевтың 50 жылдық мерейтойына жұбайы Айман Талғатқызымен бірге келіп, желі қолданушыларының назарына ілікті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақ эстрадасының жұлдыздары мен өнер иелері бас қосқан салтанатты кештен тараған видеолар көпшілік арасында түрлі пікір тудырды.

Желі оқырмандары «Тұрсынбектің биі жасандылық, масқарапаздық. Тоқтар шынайылықпен билеп тұр», «Осы Тұрсынбек пен Айманды жақтайтындарды түсінбеймін. Бір әйел, 5 баланы жылатып бақытты боламын деп ойламасын», «Жарасып тұр» деп түрлі пікір қалдырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу