Танымал блогер ұтыс ойнатамын деп басы дауға қалды

Блогер Салтанат Аманқосова лотерея арқылы тікелей көлік ұтыс ойынын өткізіп, басы дауға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Блогер ұтыс ойынының видеосын жеке парақшасында жариялады. Серіктес ретінде әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұмановамен бірге ойнатты. Лотореяның басты шарты – жөргек сатып алу. Тұтынушылар арасынан ақтаулық келіншек көлік иесі атанды.
Алайда желі қолданушылары ұтыс ойынының әділ өтпегеніне күмәнданады.
“Баланың қолындағы қағазды алмай, басқа қағазды алды”, “Ешкім танымайтын адамға көлік сыйламайды”, “Фаризаның баласындағы қағазды неге алмады?!”, “Ақшаны қайдан тауып жатыр”, “Бүкіл Қазақстан қатысты, бірақ ақтаулық келіншек ұтты. Демек танысы шығар”, “Жанабыловтер сияқты толық тексерсін”– деп жазды көпшілік.
Блогер айыптаулардың бәріне жауап берді.
“Бес баласы бар келіншекке бұйырды. Жергөктің ақшасын қолма-қол төлей калмай, бөліп төлеуге алыпты. Бәрі әділ өтті. Ибраһимнің қолындағы қағазды алғаным рас. Ешкімнің ақысына кірмейміз”, – деп жауап қатты блогер.
Соңғы жаңалықтар





