Танымал қазақстандық футбол клубы сатылып кетті

31.10.2025 15:00 Әсел Мұрат
Танымал қазақстандық футбол клубы сатылып кетті
0
422

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жекеменшікке өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Президент биылғы жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын. 

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының хабарлауынша, бұл жұмыс соған сәйкес атқарылып отыр. 

«Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның ішінде клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланды.

«Айта кетейік, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы легионелерден толық бас тартып, жаңа маусымды жергілікті ойыншылармен бастаған болатын. Ал биылғы маусымда 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды», — деп атап өтті басқарма.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий