Таразда күндіз аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқан (ВИДЕО)

Таразда күндіз аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқан (ВИДЕО)
27.10.2025 13:46
0
352

Желіде Таразда күндіз бірнеше ер адамның аялдамада тұрған қызды күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.


Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі адамдардың көз алдында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болған, бірақ сәтсіз аяқталған. Бұл жағдай бірнеше күн бұрын болған. Осы уақыт бойы жұрт қыздың қайда екенін және жағдайының қалай екенін білуге тырысқан.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Тараз қаласындағы аялдамалардың бірінде қыздың ұрланғаны туралы ақпарат анықталды. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адамдар табылды. Белгілі болғандай, олар бұрыннан таныс болған және бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ», – делінген ресми хабарламада.


Бейресми деректерге сүйенсек, қызды үйлену мақсатында алып кеткен болуы мүмкін. Алайда қыздың неке қиюға келісім берген-бермегені белгісіз.
Полиция қазіргі уақытта бұл жағдайға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий