«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваның жаңа әні желіде қызу талқыға түсті
Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева «Азия» тобымен бірге жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда Milfa деп аталатын туынды әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің екі түрлі пікірін тудырды.
Жаңа әннің бейнебаянында Дильназ Ахмадиева қазақ тілі пәнінің мұғалімі бейнесінде көрінеді. Клиптегі ұстаздың образы мен ән мәтініндегі сөздер желі қолданушыларының назарын аударған.
Әнде «Какая я тәте? Тәте – это ошибка, хотя бы милфой назови» деген жолдар бар. Қазақ тілінде «тәте» сөзі жасы үлкен әйелге құрмет білдіріп, ізетпен сөйлеу кезінде қолданылады. Ал әндегі осы сөздің өзгеше мағынада қолданылуы көрермендер арасында пікірталас туғызды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі бейнебаяндағы идеяны сынға алып, әсіресе мұғалім бейнесінің бұлай көрсетілуіне қарсылық білдірген. Олардың пікірінше, ұстаздың кәсіби бейнесін сексуализациялауға болмайды. Енді бірі клиптің актерлік орындалуын жоғары бағалап, мұғалім рөлінің таңдалуына әзілмен қараған.
«Енді оқушылар мұғалімдерін “милфа” деп атай ма?», «Мектептегі ұстаздың бейнесін сексуализациялауды қашан қояды?» деген мазмұндағы пікірлер жазылған.
Соңғы жаңалықтар