"Тәуелсіздік күні ұлын тәуелсіздігінен айырды": Мұхамеджан Тазабек Алматыда дүбірлі той жасады

17.12.2024 14:08
0
80
instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабектің отбасында қуанышты жағдай болды. Қоғам қайраткері Тәуелсіздік күні ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізген.

Мұхамеджан Тазабек тұңғыш ұлының үйлену тойын Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Дүбірлі шараның ұйымдастыруымен белгілі продюсер Маржан Сәдуақасова айналысқан. Мұхамеджан Тазабектің қуанышында бірқатар танымал тұлғалар болды. Олардың арасында Бекболат Тілеухан, "МузАрт" тобы, Қуандық Рахым, Альбина Шардарова және т.б. бар. Сонымен қатар дінтанушы ел алдында сөз сөйлеп, үлкен өмірге қадам аттаған жастарға ақыл-кеңесін берді.

Жігіт үйленгеннен кейін өз проблемасын, өз отбасының (жұбайы, бала-шағасы) проблемасын өзі шешуі қажет. Әкеге баланың бойұсынуы ол басында болуы керек. Қасына жары келгеннен кейін өз мәселесін өзі шешуі керек. Оның өміріне әке-шеше араласа бергеннен ештеңе шықпайды", - деді Тазабек. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или