“Тек бір адамды кінәлау дұрыс емес”: Танымал айтыскер Нұрсұлтан Назарбаев туралы күтпеген пікір айтты

10.05.2026 13:13 Қарақат АСЫЛОВА
“Тек бір адамды кінәлау дұрыс емес”: Танымал айтыскер Нұрсұлтан Назарбаев туралы күтпеген пікір айтты
1307
Politico.kz
Сұхбатта айтылған сөз қызу талқы тудырды

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсемізке берген сұхбатында елдегі билік жүйесі мен қоғамдағы құндылықтар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақын өз сөзінде көзқарасы нақты тұлғаларға емес, жалпы басқару жүйесіне бағытталғанын айтты. Оның айтуынша, қоғамдағы өзгерістер мен қателіктерді бір ғана адамның атымен байланыстыру дұрыс емес.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев кезеңіндегі жағдайлар да сөз болды. Тазабек сол уақыттағы шешімдерге тек билік емес, қоғам мен айналадағы орта да әсер еткенін жеткізді. Ол кеңестік кезеңнен кейін халықтың байлық пен молшылыққа ұмтылғанын, сол себепті түрлі қателіктер мен әділетсіздіктер орын алғанын айтты.

Сонымен қатар ақын шенеуніктер мен ықпалды адамдардың да жеке мүддені жоғары қойған кездері болғанын атап өтті. Оның пікірінше, өткенді бағалағанда адамдарды емес, құндылықтарды саралау маңызды.

Тазабек сұхбат соңында қоғамдағы мәселелерге кеңірек көзқараспен қарау қажет екенін айтып, «жоғары ойлайтындар құндылықтарды талдайды» деген пікірін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий