Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Көкшетауда әйелді көлікпен қағып, өліміне себеп болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға қаладағы шағынаудандардың бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жол талғамайтын көлік бұрылыста әйелді қағып кеткені көрінеді. Оқиғадан кейін әйел көліктің астында қалған.

Үй тұрғындарының айтуынша, көз жұмған әйел 12 жастағы баласын жалғыз тәрбиелеп келген.

Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу