Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды
709
Кеше кешке жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 шамасында француз билігі Ле Бурже әуежайында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуровты ұстады.
39 жастағы Дуров өзінің жеке ұшағы қонғаннан кейін бірден ұсталды, деп хабарлайды француздық TF1 телеарнасы. Тұтқындау француздардың қамауға алу туралы ордері бойынша алдын ала тергеу шеңберінде жүргізілген.
БАҚ-тың хабарлауынша, Дуров Францияда іздеу жарияланғандар тізіміне енгізілген. Ол бұл елге Әзербайжаннан барған. Онымен бірге оққағар және белгісіз әйел болған.
Дуров Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін ауыр қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып отыр. TF1 телеарнасы олардың ішінде терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату және басқаларын атап отыр.
Дуровтың Ресей азаматтығымен қоса француз азаматтығы бар. Бірақ ол жақында Еуропадан айналып өтіп жүрген. Өйткені тұтқындалатынын білді. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, ол Франция азаматы болғандықтан босатылмайды және айырбастауға немесе экстрадициялауға жатпайды. Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ресей билігі Дуров үшін алаңдап отыр. Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владислав Даванков Сыртқы істер министрі Лавровты Франция бас тартқан жағдайда Дуровты Әмірліктерге немесе Ресейдің өзіне көшіру үшін «бар күшін салуға» шақырды.
Оның тұтқындалуының саяси астары болуы мүмкін және Telegram қолданушыларының жеке ақпаратына қол жеткізу құралы бола алады. Бұған жол беруге болмайды, – деп жазды ол.Такер Карлсонға берген сұхбатында ол батыс елдерінің жеделхаттарына үлкен қысым туралы айтты. Фото: rb.ru
Соңғы жаңалықтар
15.03.2026
15:36
«Кейін өзіңіз өкініп қаласыз»: Қазақстанның сыр...
15.03.2026
14:27
«Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді»:...
15.03.2026
13:12
Тоқаев Вице-Президент лауазымына қатысты қауесе...
15.03.2026
12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бой...
15.03.2026
11:32
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді (В...
15.03.2026
10:25
Қазақстанда референдум өтіп жатыр: Дауыс берген...