TikTok-та сөгінген 53 жастағы әйел 5 тәулікке қамалды

17.09.2026 11:56 Қарақат АСЫЛОВА
TikTok-та сөгінген 53 жастағы әйел 5 тәулікке қамалды
158
Фото: Бейнеден кадр

Семейде TikTok желісіндегі тікелей эфирде балағат сөз айтқан 53 жастағы әйел 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Politico.kz Абай облысының полициясына сілтеме жасап.

Полицейлер бұл эфирді әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Полицияның мәліметінше, әйел былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішкенін әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Трансляцияны шамамен 12 мың адам көрген.

Тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын жедел анықтаған. Ол – Баяхметова Мадина Сайдахметовна.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Полицияның хабарлауынша, әкімшілік қамау мерзімін белгілеу кезінде оның жасы ескерілген.

Полиция әлеуметтік желідегі жария әрекеттердің де құқықтық салдары барын ескертті. Ведомство желіге мониторинг жүргізу және құқыққа қайшы контенттің жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Ақтөбеде де әйел тікелей эфирдегі сөздері үшін жауапқа тартылған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий