Токио губернаторы қазақ тілінде сөйлеп, Тоқаевты таңғалдырды

19.12.2025 09:20 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Токио губернаторы қазақ тілінде сөйлеп, Тоқаевты таңғалдырды
0
130
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ

Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Токио губернаторы Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды. 

Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий