«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса тұрмысқа шықты
«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын тұрмысқа шықты. Бұл туралы актрисаның Instagram-дағы парақшасында 11 қыркүйекте жариялаған видеодан белгілі болды.
Кадрдан 33 жастағы актрисаның қалыңдықтың ақ көйлегінде жүргенін көруге болады. Ол жұбайының кім екенін ашып айтпаған.
Айта кетсек, бұған дейін актриса мешітте түсірілген видеосын бөліскен еді. Оның астында қарша бораған сұрақтардың біріне актриса: «Неке қию сәті» деп жауап берген.
Жалпы, Альмира Тұрсын өзінің жеке өмірі туралы мәліметтерді ашып айта бермейді. Белгілісі, 2021 жылдың қазан айында ол бірінші күйеуімен ажырасқан. Бір ұлы бар. Кейін актрисаның «Томирис» тарихи фильмін түсірген отандық режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырғаны туралы алыпқашпа сөз тараған.
Тағы бір айта кетерлігі, Альмира Тұрсын Mrs globe халықаралық сұлулық байқауында 2-орын алған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
13:20
Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынуы...
04.11.2026
13:07
Назарбаевтың экс-құдасы Боранбаевтың бұрынғы ф...
04.11.2026
12:44
Астана – Петропавл тасжолында полиция капитаны ...
04.11.2026
12:19
Қарағанды тұрғыны қала әкімін сотқа берді
04.11.2026
11:49
Ауыр жол апатында екі аяғынан айырылған Талғатқ...
04.11.2026
11:18
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы да сотқа тартыл...