Тоқаев әкімдерге бюджетті ысырап етпеуді тапсырды

Тоқаев әкімдерге бюджетті ысырап етпеуді тапсырды
14.03.2025 17:49
0
25
Ақорда
Тоқаев әкімдерді әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаржы бөлуге міндеттеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдеріне бюджетті тиімді әрі үнемді пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы облыстардың қарамағына түсетін әлеуметтік салық көлемін өзгертпеу туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Алайда, Тоқаев өңір әкімдеріне бұл қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға барынша рационалды жұмсау қажеттігін қатаң ескертті.

"Үш жыл ішінде елімізге қайтарылған активтер көлемі 2 триллион теңгеден асып түсті. Осы қаржы аймақтардағы экономикалық және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Әкімдер бюджет қаражатын үнемдеп, халық үшін нақты пайдасы бар әлеуметтік жобаларға басымдық беруі қажет", – деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Көкшетауда елімізде баламасы жоқ көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталатынын мәлімдеді. Ол Үкіметке аталған кешеннің қаржыландыру мәселесін заңсыз шығарылған активтер есебінен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий