Тоқаев Атырау облысының әкімін жұмыстан босатты
-
Атақты геологтың ұлы Атырау облысына әкім болып тағайындалды
17.07.2026, 10:08
Атырау облысының басшылығында маңызды кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Ақордада мәлім етті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін, 17 шілде күні Атырау және Ұлытау облыстары мәслихаттарының депутаттары кезектен тыс отырыс өткізіп, өңірлердің жаңа әкімдерін тағайындауға келісім беру мәселесін талқылайды.
Шәпкенов Серік кім?
Бұған дейін аймақты басқарған Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде дүниеге келген, мамандығы бойынша экономист-математик. Ол өзінің еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастап, кейінгі жылдары осы облыста қоршаған ортаны қорғау, қаржы, экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларында түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Ал 2012 мен 2014 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
Одан кейінгі уақытта Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған Шәпкеновтің Атырау өңірімен байланысы 2016 жылы қала әкімі қызметіне тағайындалуымен басталды. Ол 2018 жылдан 2020 жылға дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды, содан соң үкімет құрамына ауысып, алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейін осы ведомствоның басшысы лауазымдарын иеленді. 2022 жылдың 7 сәуірінде ол Атырау облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Соңғы жаңалықтар