Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды.
Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
10:01
«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті ...
30.10.2026
09:56
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз комаға түсті, ...
30.10.2026
09:37
Алматыда әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған б...
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...