Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Президент ұсынған кандидаттарға келісім берген еді, деп хабарлайды Politico.kz.

ОСК мүшелері болып мыналар тағайындалды:

  • Азамат Мақсотұлы Айманакумов;
  • Михаил Михайлович Бортник;
  • Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман;
  • Әсел Болатқазықызы Жанәбілова;
  • Ләззат Кенесқызы Сүйіндік;
  • Шавхат Әнесұлы Өтемісов.

Кандидаттарды депутаттарға Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды. Конституцияның 56-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін, сондай-ақ Конституциялық сот судьяларын тағайындауға Құрылтайдың келісімі қажет.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы сайлаулар мен референдумдарды ұйымдастырып, өткізуге жауап береді. Ал 18 қыркүйекте Нұрлан Әбдіров комиссия төрағасы болып қайта тағайындалған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу