Тоқаев Путинді телефон арқылы құттықтады

21.09.2026 16:00 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Путинді телефон арқылы құттықтады
185
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресейдегі дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ Ресей Парламентінің жаңа құрамына ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті жұмыс тіледі.

Телефон әңгімесі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Айта кетейік, бүгін, Мемлекет басшысы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Ресейдегі 9-шы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша «Единая Россия» партиясы парламенттегі басымдығын сақтап қалды. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, бұл саяси науқанға сайлаушылардың 56,66%-ы қатысқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий