Тоқаев ЖИ қаупін ескертті

28.05.2026 22:18 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев ЖИ қаупін ескертті
10
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада өткен V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Жасанды интеллект технологияларының көз ілеспес жылдамдықпен дамуы жаһандық экономикаға ықпал ететін іргелі факторға айналып үлгергенін көріп отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент келтірген халықаралық сарапшылардың дерегінше, алдағы он жылда бұл технология әлемдік ішкі жалпы өнімді $7 трлн-ға жуықтатуы мүмкін, алайда Халықаралық валюта қоры жұмыс орындарының 40%-ға дейін қысқару қаупі бар екенін айтады. Мұндай жаһандық өзгеріс жүздеген миллион адамның жаңа дағдыларды меңгеруін және ұлттық білім беру жүйелерін түбегейлі қайта құруды талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан өз төрағалығы кезінде одақ аясында жасанды интеллектіні «төрт еркіндік» қағидатының құралы ретінде пайдалануды ұсынды.

Биыл «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО – жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқыланған жиынға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Армения, Куба, Вьетнам, Моңғолия үкімет басшыларының орынбасарлары мен ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Войдите, чтобы оставить комментарий