Тоқаевтың сынынан кейін Шымкенттегі басшылар қызметтен қуылды

20.01.2026 16:36 Арман Ермеков Арман Ермеков
Тоқаевтың сынынан кейін Шымкенттегі басшылар қызметтен қуылды
0
1135
фото-коллаж: politico.kz

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарына қатысты айтқан қатаң сынынан кейін Шымкентте кадрлық «тазалау» басталғанға ұқсайды, деп хабарлайды Politico.kz

Egovpress Telegram-арнасының мәліметінше, Шымкенттегі бірқатар жоғары шенді полицейлер қызметінен шеттетілген.

Фото: EGOV.PRESS арнасынан

Арна таратқан ақпаратқа сәйкес, редакциямыз аталған тұлғалардың аты-жөнін нақтылап, ашып көрсетті. Мәліметке қарағанда, Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолданылған болуы мүмкін.

Қызметінен шеттетілгендер (болжам бойынша):

  • Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы;
  • Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;
  • Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы– Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары;
  • Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;
  • Бекбердиев Өмірбек Жамалбекович – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигi.

Бұдан бөлек кейбір шенділердің тікелей жұмыстан босатылғаны жайлы жазылған.

Желіде тараған бұл ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында редакциямыз құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.

Еске салсақ, бүгін Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған қайғылы оқиғаға арнайы тоқталған еді. Президент кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырған еді.

Айта кетейік, Нұрай Серікбай өзіне сөз салған жігіттің ұсынысынан бас тартқаны үшін пышақталып көз жұмған болатын.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарынан ресми ақпарат күтілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий