"Төреғалидің атасы ма?": Қайрат Нұртасты шошытып алған қария кім?

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкент қаласында өткен концерттердің бірінде күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Madeniportal.kz хабарлауынша, сахна алдына шыққан белгісіз қария әншіге тілек айту ниетімен жақындап келген. Алайда бұл сәт әншінің тосын реакциясына себеп болды.
Қарияны байқаған Қайрат Нұртас сасқалақтап қалғанымен, кішіпейілділік танытып, сабырлы түрде жауап берді. «Рақмет. Ашуланбаңызшы. Қорқып кеттім ғой», – деп қариядан алыстап бара жатып тіл қатқан әншінің бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шықты.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін оқиғаға қатысты түрлі пікірлер айтылды. Көпшілік бұл жағдайдың әзіл-шыны аралас түсіндірмелерін бөлісті. Бір қолданушы: «Төреғалидің атасы ма деп қорқып кетті», – десе, енді бірі: «Шығып кетсін бе, ағайын?», – деп қалжыңдады. Тағы бір желі қолданушысы: «Әбден жүректері шайлығып қалған ғой», – деп әншілердің сахнада сақ жүруіне себеп болатын жайттарды меңзеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары концерт кезінде күтпеген көрермендер тарапынан түрлі әрекеттердің орын алуы сахнадағы әртістерді елең еткізіп жүр. Бұл жолы Қайрат Нұртастың сабырмен, әзілмен жауап беруі көпшілік тарапынан оң бағаланды.
Соңғы жаңалықтар





