Трамп АҚШ-қа көшу үшін "алтын карталарды" сатуды бастады

АҚШ президенті Дональд Трамп шетел азаматтарына арналған жаңа иммиграциялық бағдарламаны іске қосты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Алтын карта" деп аталатын жаңа бағдарлама 5 миллион доллар төлеген адамдарға АҚШ-та тұрақты тұру құқығын береді. Бұл бағдарлама инвесторларға арналған бұрынғы EB-5 бағдарламасының орнына енгізілмек.
– Бұл жаңа жүйе бізге ең жақсы, ең табысты адамдарды тартады. Олар АҚШ-қа келіп, ақша жұмсап, салық төлейді және жаңа жұмыс орындарын ашады, – деді Трамп.
Оның айтуынша, "алтын карта" иелері грин-карта иеленушілеріне теңестіріледі және азаматтық алуға да мүмкіндік алады.
Бағдарлама аясында ірі кәсіпкерлер мен компаниялар шетелдік мамандарды жұмысқа тарту үшін "алтын картаны" пайдалана алады. Сондай-ақ Трамп ресейлік олигархтардың да осы жүйеге қатыса алатынын мәлімдеді.
Жоспар бойынша 1 миллионға дейін "алтын карта" сатылады, ал түсетін қаржы АҚШ-тың ұлттық қарызын азайтуға жұмсалады.
Алайда кейбір сарапшылар бұл бағдарламаның этикалық тұрғыдан даулы екенін айтады. АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник "алтын карта" иегерлері мұқият тексерілетінін" мәлімдеді.
Бағдарлама наурыз айында іске қосылуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





