Трамп Зеленскийден бейбіт келіссөздерге шақырған хат алды

АҚШ-тың бұрынғы президенті әрі 2024 жылғы сайлаудың негізгі үміткері Дональд Трамп Конгрессте сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Трамптың айтуынша, Зеленский бұл хатында «мүмкіндігінше тезірек» ұзақ мерзімді бейбіт келісім жасауға дайын екенін білдірген.
Конгресте АҚШ президенті Дональд Трамп алғашқы бірнеше аптаны қорытындылады
Ол сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден хат алғанын, онда Украина басшысы бейбіт келіссөзге оралуға дайын екенін білдіргенін жеткізді.
“Бүгін Украина президенті Владимир Зеленскийден маңызды хат алдым. Хатта “Украина бейбіт келіссөзге мүмкіндігінше жылдам оралығысы келеді. Бейбітшілікті украиналықтардан артық ешкім қаламайды” деп жазылған” деді Трамп.
Оның сөзінше, Зеленский сонымен бірге пайдалы қазбалар туралы келісімге "кез келген уақытта қол қоюға дайын" екенін мәлімдеген.
“Украинадағы қатігез соғысты аяқтау үшін тынымсыз жұмыс істеп жатырмын. Миллиондаған украиндар мен ресейліктер бостан-босқа қырылған немесе жараланған. Шегі көрінбейді. АҚШ Украинаның қорғанысын нығайтуға жүздеген миллиард доллар қаражат жіберді” деді Трамп.
“Осының тағы бес жыл жалғасқанын қалайсыздар ма?” деді ол.
Трамп Еуропаға қарағанда АҚШ Украинаны қолдауға көбірек қаражат жұмсағанын тағы айтты.
Конгрестегі мәлімдемесінде Трамп Ақ үйге оралған қазіргі әкімшілік бірде-бір әкімшіліктің жылдар бойы істей алмаған нәрсесін бірнеше апта ішінде жүзеге асырды деді. “Америка оралды” деді ол сөзінің басында.
“Америка арманын тежеу мүмкін емес және еліміз бұрын-соңды болмаған қайта оралу алдында тұр” деді ол.
Ал демократиялық партия өкілдері наразылық білдіріп, ысқыра бастап еді өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон жұртты сабырға шақырып, президенттің сөзін үзбек болғандарды залдан шығарамыз деп ескертті. Кейбір демократтар залдан шығып кетті.
Соңғы жаңалықтар





