Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен шықты
Түркістан әуежайында әуе кемелерінің бірінен техникалық ақау анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға ұшақ ұшу-қону жолағында тұрған кезде болған. Ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Кейін мәліметті Көліктегі полиция департаменті растады.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 11 қыркүйекте болған. Әуе кемесінде техникалық ақау пайда болғаннан кейін оны жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«11 қыркүйек күні Түркістан әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау орын алды. Қазіргі уақытта оны жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Әзірге ұшақтың жолаушылар тасымалдайтын рейске қатысы бар-жоғы нақтыланған жоқ. Көліктегі полиция департаменті бұл мәселе бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...