Түркістан облысында 15 жасар қыз 71 жастағы көршісінен босанды

Түркістан облысында 15 жасар қыз 71 жастағы көршісінен босанды
21.10.2025 11:54
0
360

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Түркістан облысының Келес ауданында жантүршігерлік оқиға болды. 15 жастағы мектеп оқушысы 71 жастағы көршісінен бала босанған. Зорлық-зомбылық құрбаны болған жасөспірімнің туыстары оның жүктілігін жеті ай болғанда ғана білген.

Жасөспірімнің басынан өткен сұмдық жағдай нәресте ақпан айында дүниеге келгеннен кейін ғана белгілі болған. Қорлық көрген қыз баласы туған соң ғана көршісінің тарапынан болған зорлық-зомбылықты айтып берген.

Отбасы мүшелері бұл сұмдықты білген сәтте дереу құқық қорғау органдарына арызданған. Арызданушылардың айтуынша, олар жасөспірімнің жүктілігін жеті айлық мерзімде ғана байқаған.

Полицияға шағым түскеннен кейін күдікті 71 жастағы зейнеткер қария ұсталып, изоляторға қамалды. Тергеу барысында күдікті жасаған ауыр қылмысын толықтай мойындаған.

Ауыр қылмыстың жай-жапсары ауыл тұрғындарының да құлағына жеткен. Ашуға булыққан жергілікті халық күдікті қарияның үйіне барып, оның отбасынан ауылдан көшіп кетуді талап еткен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аса ауыр саналатын бұл істі Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке бақылауына алған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий